Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ исраилдіктер Тәңір Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерге қатысты опасыздық жасаған еді. Ол былай болды: Яһуда руының Ахан есімді бір кісісі Жаратқан Ие тыйым салған кейбір заттарды иемденіп алды. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары исраилдіктерге қарсы лаулады. Ахан Қармидың ұлы, Забдидің немересі, Зарахтың шөбересі болатын. Осының кесірінен исраилдіктер жауларына қарсы тұра алмай, олардан қашуға мәжбүр болды. Өйткені өздері де Менің қарғысыма ұшырады. Егер жойылуға тиістілерді құртпасаңдар, Мен бұдан былай сендермен бірге жүріп жар болмаймын. Сол жерде Ешуа Аханға: «Бұл пәленің бәрін біздің басымызға неге түсірдің? Енді Жаратқан Ие сенің басыңа пәле түсіреді!» — деді.Бүкіл Исраил болып Аханды таспен атқылап өлтірді. Оның үй ішін де таспен атқылап, барлығын отпен өртеп,
Выбор основного перевода