Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің алдыңда жүріп отыратын періштені жіберемін, әрі қанахандықтар, аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді сол елден қуып шығамын. Ал сендер Менің өздеріңе бүгін беріп тұрған бұйрықтарымды орындайтын болыңдар! Біліп алыңдар: Мен алдарыңнан жүріп отырып, аморлықтар, қанахандықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді елден қуып шығамын. Елді иемденіп, сонда қоныстаныңдар, себебі Мен сол елді сендердің иеліктеріңе беріп қойғанмын. Ондағы мақсаты өздеріңнен үлкен әрі күшті халықтарды алдарыңнан қуып шығып, жерлерін тартып алып, сендердің мұралық меншіктеріңе беру болды. Бүгін бұл солай. Сонда Жаратқан Ие елдегі халықтардың барлығын алдарыңнан қуып шығады. Олардың саны мен күші өздеріңнен басым болса да, сендер елді иемденіп аласыңдар.
Выбор основного перевода