Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Ешуа Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғандарының барлығына сәйкес бүкіл елді иемденіп алды. Оны исраилдіктерге өздері жататын рулары бойынша мұралық меншіктеріне үлестіріп берді.Сонымен соғыс бітіп, елде тыныштық орнады. Ешуаның жасы келіп, қартайған кезінде Жаратқан Ие оған тіл қатып былай деді:— Жасың ұлғайып, қартайып келесің. Ал елдің исраилдіктер иемденбеген жері әлі де көп. Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды. Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Иенің қызметшісі Нұн ұлы Ешуа жүз он жасқа толып қайтыс болды.
Выбор основного перевода