Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол қалалар мыналар: Рубен руына үлестірілген жонды даладағы Бесер қаласы, Ғад руының Ғилақад аймағындағы Рамот қаласы, Манаса руының Башан аймағындағы Ғолан қаласы. Леуі руының Герсон тармағына мына қалалар берілді: Манаса руының жартысынан екі қала: Башан аймағында орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Ғолан қаласы және Бе-Ештера, екеуі де жайылымдарымен қоса; Рубен руынан: Бесер, Жахса, Ғад руынан: Ғилақадта орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Рамот қаласы, Маханайым, Ал Ахаб өзінің уәзірлерінен: «Ғилақадтағы Рамот қаласы біздікі болғанымен, оны Арама патшасының қолынан қайтарып алуға неге еш нәрсе істеп келген жоқпыз?» — деп сұраған болатын.
Выбор основного перевода