Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аморлықтар Дан руын таулы аймаққа тықсырып тастап, алқаптарға түсулеріне жол бермеді. Аморлықтардың өздері Херес тауы, Аялон, Шағалбим атты қалаларда тұра беруге бел байлады. Бірақ Жүсіптің ұрпақтары кейін күшейген кездерінде оларды басыбайлы қызметші етіп жұмыс істетіп қойды. Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Дан руының адамдары сол кездері өздері қоныстанатын мұралық жер іздестіріп жүрді. Өйткені олар Исраил руларының арасында өздеріне белгіленген мұралық жерді иемденіп алмаған еді. Осылай Миханың жасап алған тәңір мүсіндерін тартып алып, оның діни қызметкерін өздеріне ілестіріп алған дандықтар ақырында Лаишқа жетті. Оның тыныш та бейқам тұрып жатқан халқына семсерлерімен тап беріп, қаланы өртеп жіберді. Лаиштықтарды құтқаратын ешкім болмады. Себебі Сидоннан алыс қоныстанған олар басқа да ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын. Қала Бет-Рехоб өңіріндегі аңғарда орналасқан болатын. Дандықтар оны қайтадан салып, соған қоныстанып алды. Олар қалаға өздерінің түп аталары Исраил ұлы Данның құрметіне Дан деген ат қойды. Қаланың бұрынғы аты Лаиш болатын. Дандықтар өздеріне жалған тәңір мүсіндерін орнатып алды. Мұса ұлы Гершомнан тараған Жонатан дандықтардың діни қызметкері болды. Халық жер аударылғанға дейін Жонатанның ұрпақтары Дан руының діни қызметкерлері болды. Құдайдың киелі шатыры Шилода тұрған кездің бәрінде дандықтар Миханың ойдырып жасатқан тәңір мүсініне табынуларын жалғастыра берді.
Выбор основного перевода