Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шимейдің ұрпақтары Бер-Шеба, Молада, Хасар-Шуал, Балах, Әсем, Толад атты мекендерге қоныстанды. Олар Бетуел, Хорма, Сикеләг, Бет-Марқабот, Хасар-Сусим, Бет-Біреи, Шағараим деген жерлерде де тұратын. Дәуіт патшалық құрғанға дейін осы қалалар олардың қарамағында болды. Шимейдің ұрпақтары тағы Етам, Аин, Риммон, Токен, Ашан атты бес қалада да тұратын. Сол қалаларға қарасты, Бағалатқа дейін орналасқан барлық елді мекендер де олардың қоныстары болды. Шимейдің ұрпақтары ата-тектерінің шежірелерін жазып алып отырды.
Выбор основного перевода