Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан соң шекара ебустіктердің (кейінірек) Иерусалим деп аталған қаласы орналасқан төбенің оңтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының бойымен өрлеп, осы аңғардың батысындағы, Рефаим аңғарының солтүстік шетіндегі төбенің басына көтеріледі. Алайда сол адамның тағы бір түнге қалғысы келмеді. Ол жолға шығып, Ебуске, яғни Иерусалимге қарай бет алды. Оның қасында ерттелген екі есегі және келіншегі бар еді. Олар Ебуске келгенде, кеш түсе бастады. Қызметшісі қожайынына:— Жүріңіз, ебустіктердің қаласына кіріп, сонда түнеп шығайық! — деп ұсынды. Бірақ қожайыны оған:— Жоқ, біз исраилдік емес, бөгде жұрттың қаласына кірмейміз. Одан да жолымызды жалғастырып, Гибеяға барайық! — деп жауап берді.
Выбор основного перевода