Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шығыстағы шекара Өлі теңіздің бойымен Иорданның оған құятын атырауына дейін созылады. Яһуданың солтүстік шекарасы Иордан атырауындағы теңіз шығанағынан басталып, Бет-Хоғылаға дейін көтеріліп, Бет-Арабаның солтүстік жағынан өтіп, «Боханның тасы» деген жерге дейін ұласады. Бохан Рубеннің ұлы еді. Содан шекара Ахор аңғарынан Дебирге көтеріліп, солтүстікке қарай Ғылғалға бұрылады. Ғылғал тасқынды аңғардың оңтүстік жағындағы Адумим асуына қарама-қарсы орналасқан. Осыдан шекара Ен-Шәміш бұлағына дейін созылып, Ен-Рогелге жетеді. Бұдан соң шекара ебустіктердің (кейінірек) Иерусалим деп аталған қаласы орналасқан төбенің оңтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының бойымен өрлеп, осы аңғардың батысындағы, Рефаим аңғарының солтүстік шетіндегі төбенің басына көтеріледі. Шекара осы төбе басынан Нептоғах су көзіне жетіп, Ефрон тауындағы қалаларға дейін ұласады. Сол жерден ол Бағалахқа, яғни, Кирият-Иғарымға қарай бұрылады.
Выбор основного перевода