Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. былай деді:— Егер ғадтықтар мен рубендіктердің шайқасқа қаруланған адамдарының бәрі өздеріңмен бірге Жаратқан Иенің алдында Иордан өзенінен өтсе, онда сендер Қанахан елін өздеріңе бағындырып алған кезде оларға Ғилақад аймағын мұралық үлестері ретінде беріңдер. Сонымен Мұса ғадтықтар мен рубендіктерге және Жүсіп ұлы Манасадан тараған рудың жартысына аморлықтардың патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың патшалықтарын бүкіл жерімен, ондағы қалаларымен әрі соларға тиісті елді мекендерімен бірге қосып табыстады. Алып Рафаның ұрпақтарынан (сол жерде) жалғыз Ог патша ғана тірі қалған болатын. Оның темірден жасалған төсегінің ұзындығы тоғыз, ені төрт кәдімгі шынтақ болды. Сол төсек әлі де аммондықтардың Рабба қаласында сақтаулы тұр. Осылай біз сол кезде бұл жерді иемденіп алдық. Мен одан Арнон аңғарындағы Арогерден бастап солтүстікке созылып жатқан аймақты әрі Ғилақад қыраттарының жартысын ондағы қалалармен қоса Рубен және Ғад руларына үлестірдім. Манаса руының екінші жартысына және Рубен, Ғад руларына мұралық жерлері Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның үлестіргеніне сай Иордан өзенінің арғы, шығыс жағынан тиді.
Выбор основного перевода