Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. Ал Жаратқан Ие Мұсаға: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді. Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды. Бұл Мұсаның аморлықтардың Хешебонда орналасқан Сихон патшасын, әрі Башан өлкесінің Аштарот пен Едірей қалаларында орналасқан Ог патшасын Едірейдегі шайқаста жеңіп, құртқанынан кейін болды. Алып Рафаның ұрпақтарынан (сол жерде) жалғыз Ог патша ғана тірі қалған болатын. Оның темірден жасалған төсегінің ұзындығы тоғыз, ені төрт кәдімгі шынтақ болды. Сол төсек әлі де аммондықтардың Рабба қаласында сақтаулы тұр. әрі Иорданның шығыс жағындағы аморлықтардың екі патшасына істегендерінің бәрі: Хешебон патшасы Сихонды да, Аштаротта тұрған Башан патшасы Огты да қалай жеңгені туралы нақты естідік. яғни Аштарот пен Едірейде Башан жеріне билік құрған Огтың бүкіл патшалығын, қамтыды. Ог Рафаның ұрпақтары деп аталатын алыптар нәсілінен қалған соңғы адамдардың бірі еді. Мұса оларды да жеңіп, елден аластатқан болатын.
Выбор основного перевода