Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Жаратқан Ие Ешуаны: «Бұлардан қорқушы болма! Мен оларды сенің қолыңа тапсырып қойдым. Ешқайсысы да саған қарсы тұра алмайды!» — деп жігерлендірген болатын. Ал Жүсіп руының адамдары:— Таулы аймақтың бізге жеткіліксіз екені рас, әрі төменгі жазықты, Бет-Шанды және Ізрел алқабын мекендейтін барлық қанахандықтардың темір соғыс күймелері бар емес пе? — деп жауап қайырды. Сонда Ешуа Жүсіптің үрім-бұтағы — Ефрем мен Манаса руларына:— Сендер үлкен елсіңдер, күш-қуаттарың да мол. Сендерге тиер үлес тек біреу ғана болмайды, таулы, орманды аймақ та сендерге беріледі. Оны кесіп, тазартып, ең шетіне дейін иемденіп аласыңдар. Қанахандықтардың темір соғыс күймелері және зор күш-қуаты болса да, сендер оларды елден қуып шығасыңдар, — деп жігерлендірді. Жаратқан Ие Яһуда руына жар болып, олар елдің таулы аймағын да иемденді. Бірақ олар темір соғыс күймелері бар алқаптардың тұрғындарын қуып шыға алмады. Сисараның тоғыз жүз темір соғыс күймесі болды. Ол исраилдіктерді жиырма жыл бойы қатты қанап, олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынды. Сонда Дәуіт оның бір мың жеті жүз аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқылардың тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.
Выбор основного перевода