Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Елдің жері осы руларға меншікті үлестері болуға олардың адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек. Халқының саны көп руға мұралық жер көбірек, ал халқының саны аз руға жер азырақ берілуі тиіс. Жер әр рудың санақтан өткен адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек. Елдің жері жеребе арқылы үлестірілсін. Ол әркімге өзінің әкесінің руының аты бойынша беріледі. Әрбір мұралық жер үлкенірек және кішірек әулеттердің арасында жеребе арқылы бөлінетін болады». Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді: «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Сендер Қанахан еліне кіргенде, мұралық меншіктерің болатын Қанахан елі мен оның шекаралары мынау болады: Қанахан елінде исраилдіктер мына жерлерді мұралық меншікке қабылдап алды. Соларды оларға діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраилдің рубасылары үлестірді. Жаратқан Ие Мұса арқылы бұйырғандай, тоғыз руға және тағы бір рудың жартысына мұралық жерлері жеребе тасталып белгіленді. Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды.
Выбор основного перевода