Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал тірі қалғандарың жау елінде өздерінің және ата-бабаларының теріс қылықтарының кесірінен әлсіреп құритын боласыңдар. Сәбилер: «Тамақ, сусын қайда?» — деп аналарына,Жаралы адамдай көшелерде талықсуда,Жан тапсырады аналарының құшағында. Менің пайғамбарымның қазір істеп жатқандарын сол кезде өздерің де істейсіңдер: салт бойынша сақал-мұрттарыңды қымтап жаппай, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тимейтін боласыңдар. Сәлделерің бастарыңда, аяқкиімдерің аяқтарыңда болмақ. Сендер жоқтап жыламай, өз күнәларыңның кесірінен әлсіреп құрып, күңіреніп, бірге қайғырасыңдар.
Выбор основного перевода