Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда сендер Маған бағышталған қасиетті боласыңдар.Далада таланған хайуанның етін жемей, итке тастаңдар! Егер сол еттен үшінші күні де желінсе, онда сол адамның Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген құрбандығы қабылданбайды да, оған бұдан еш сауап тимейді. Сондай ет арамданып, жиренішті болады, одан жеген адам өз айыбын өзі көтереді. Сол сияқты, арам өлген не жыртқыш аңға таланып өлген хайуанның майын басқа қажеттеріңе жаратуларыңа болады, тек оны ішіп-жеулеріңе болмайды. Кімде-кім, не исраилдік болсын, не жат жұрттық болсын, арам өлген немесе жыртқыш аңдарға таланып өлген хайуанның етін жесе, ол киімдерін жуып, өзі де сумен жуынсын. Сол адам кешке дейін арамданған, ал содан соң таза болып саналады. Діни қызметкер арам өлген не жыртқыш аңдарға таланып өлген ешқандай хайуанның етін жемесін! Себебі бұл оны арамдайды. Мен Жаратқан Иемін. Ешбір арам нәрсені жемеңдер! Олар қабір бастарында отырып, құпия жерлерде түнеп, аруақтарға сиынады. Сонымен қатар арам ет жеп, оның жиренішті сорпаларын ыдыстарына құйып: Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым. Петір:— Жоқ, Ием! Мен ешқашан да арам тамақ жеген емеспін, — деп жауап берді.
Выбор основного перевода