Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі бұл — бас көтергіш халық, өтірікші балалар, Жаратқан Иенің тәлімін тыңдаудан бас тартатын перзенттер. Сосын өзіңмен бірге жер аударылып келген елдестеріңе бар. Олардың тыңдағандарына да, тыңдамағандарына да қарамастан тіл қатып: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деп жарияла!» Мен сенің тіліңді таңдайыңа жабыстырып тастаймын. Сөйлей алмайтындықтан сен оларға ескерту жасайтын адам бола алмайсың. Себебі олар әбден бас көтергіш, қыңыр халық. Бірақ Мен саған тіл қатқан кезде аузыңды ашамын. Сонда оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деуге тиіссің. Тыңдағысы келгендер тыңдасын, ал тыңдағысы келмегендер тыңдамай-ақ қойсын. Өйткені олар бағынбайтын бас көтергіш халық қой!» Бұның бәрі жүзеге асқанда — ал ол міндетті түрде жүзеге асады! — олар өздерінің араларында нағыз пайғамбардың бар болғанын білетін болады».
Выбор основного перевода