Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар бабаларындай істеп жүрмесін:Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін,Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін,Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын. Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. Бірақ халық Мені тыңдаған да жоқ, сөздеріме ден қойған да жоқ. Олар қыңырланып, тіпті өз ата-бабаларынан бетер көп күнә жасады. Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар! Сондықтан Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ата-бабаларыңа еліктеп, сендер де солардың жексұрын тәңірсымақтарына құштарлана табынып өздеріңді арамдамақсыңдар ма?
Выбор основного перевода