Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нехо перғауын Жоғахазды Хамат еліндегі Риблада тұтқындап, шынжырмен бұғаулап, оның Иерусалимде билік жүргізуін тоқтатты. Сонымен қатар перғауын Яһуда еліне жүз ат басындай күміс, бір ат басындай алтын мөлшерінде алым-салық салды. Перғауын Жосияның орнына оның өзге ұлы Елиәкімді патша етіп тағайындап, оның есімін Жохақым деп өзгертті. Ал Жоғахазды перғауын Мысырға алып кетті, ол сол елде қайтыс болды. Жохақым патша болғанда жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он бір жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні румалық Педаяхтың қызы Зебида болатын. Сонымен қатар перғауын Жоғахаздың орнына оның бір туған бауыры Елиәкімді патша етіп, атын Жохақым деп өзгертті. Ал Жоғахазды Нехо перғауын Мысырға алып кетті. Себебі Жаратқан Ие әкесі Жосияның орнын басқан, енді Мысырға жер аударылып кеткен Шаллум туралы мынаны айтады: Ол мұнда ешқашан қайта оралмайды! Шаллум айдалып кеткен жерінде өмірінің соңына дейін тұрып, бұл елді бұдан былай көрмейді! Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға,Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына.Былай деп едік: «Патшаның қол астындаТірі қалармыз өзге ұлттар арасында».
Выбор основного перевода