Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жоғастың қызметкерлері оның мәйітін күймемен Мегидодан Иерусалимге алып келіп, өзінің қабіріне қойды. Яһуда елінің халқы Жосияның ұлы Жоғахазды май жағу рәсімінен өткізіп әкесінің орнына патша етіп тағайындады. Жоғахаз патша болғанда жасы жиырма үште еді. Ол Иерусалимде үш ай билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні либналық Еремия қызы Хамутал болатын. Өзінің аталары істегендей, Жоғахаз да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Арыстандармен бірге ол жортуылдады,Нығайып, мықты арыстанға айналды,Аулаған олжасын жыртып паршалады,Адамдарға да бас салып, жалмады. Шопандардың беу-беулеп жоқтаған дауыстарына құлақ түрші: Олардың мақтан тұтқан жайылымдары жойылды. Ақырып жүрген жас арыстандарға құлақ тікші! Себебі олардың Иордан өзенінің жағасындағы мекені — ну қамыс құртылды.
Выбор основного перевода