Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дала мен ондағылар жырлап шаттансын,Бар орман ағаштары қуана ән салсын, Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,Жерге тасталды тамырымен жұлына,Шығыстан соққан аңызақтан қурады,Бар жемістерінен бұта айырылды,Күшті бұтақтары оның қурап қалды,От оларды аяусыз құртып жалмады. Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Сәлдеңді шешіп, тәжіңді басыңнан алып таста! Енді жағдай бұрынғыдай болмайды. Жәбір көрген қарапайым жандар жоғарылатылып, мәртебелілер төмендетіледі. Мен сені жазалаған күні батылдығың берік болып, қолдарыңда күш қала берер ме екен? Осыны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, оны орындаймын да. Бұны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын. Менің әрекет ететін уақытым жетті. Алған бетімнен еш қайтпаймын да, өзіңді еш аяп-мүсіркемеймін де. Жүрген жолдарың мен істеген істеріңе сәйкес саған үкім шығарылады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Сонда айналаңда қалып отыратын халықтар қираған жерлерді қайта тұрғызған әрі қаңырап қалған далаға қайтадан бау-бақша отырғызған Өзім, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Осыны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын әрі жүзеге асырамын да!» Мен іштеріңе өз Рухымды салып, сендер өмір сүретін боласыңдар. Сендерді өз елдеріңе қоныстандырамын. Сонда Менің, Жаратқан Иенің, мұны айтқанымды да, жүзеге асырғанымды да білетін боласыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын».
Выбор основного перевода