Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма? Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,Жерге тасталды тамырымен жұлына,Шығыстан соққан аңызақтан қурады,Бар жемістерінен бұта айырылды,Күшті бұтақтары оның қурап қалды,От оларды аяусыз құртып жалмады. Оның үлкен бұтақтарының біріненОт шығып, жалмап қойды жемісін барша.Билеушінің асатаяғы болуғаЛайықты күшті бұтақ қалмады онда.Бұл — жоқтау жыры, ол жоқтау мәнерімен айтылсын. Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ. Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.
Выбор основного перевода