Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек сыйлай гөр! Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа билік жүргізу ешкімнің қолынан келмейтін іс. Сондықтан Құдай оған былай деп жауап берді:— Менен ұзақ өмір, зор байлық немесе жауларыңның жеңіліп, құруын сұраған жоқсың. Қайта, дұрыс шешім жасай алатын түсінік сыйлауымды өтіндің. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін,Паңдана қарамайды көздерім менің,Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын,Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын, Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта.Бейқам жүр сәби анасының қасында,Сол нәресте сықылды өз жаным даТыныш жатыр бейқам болып бойымда. Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, оны қоршап алған халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады. Ойлаңдаршы, Мен тіпті Өзімнің атыммен аталған қаланың басына да апат түсіремін. Сонда өздеріңді жазадан құтыламыз деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, құтылмайсыңдар, өйткені жер бетінің күллі тұрғындарына семсерді жіберемін! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. Осы айқай-шу жердің шет-шеттеріне дейін жететін болады. Өйткені Жаратқан Ие ұлттарды айыптап, барлық халықтарға үкімін шығарып, ішіндегі зұлымдарын семсерімен құртатын болады, — дейді Жаратқан Ие. «Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады. Өйткені Мен сені міндетті түрде құтқарамын. Ешкімнің семсерінен қаза таппайсың, керісінше, тірі қалып, өз жаның өзіңе олжа болады. Себебі сен Маған толығымен сенім артып келесің!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой! Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді. Өзара ынтымақтас болыңдар; өркөкірек емес, кішіпейіл болып, өздеріңді басқалардан ақылды санамаңдар!
Выбор основного перевода