Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Барлығы, шамамен қырық мыңдай шайқасқа қаруланған адам, Жаратқан Иенің алдынан өзеннің арғы жағына, Иерихон жазығына саппен өтіп шықты. Исраилдіктер Ғылғалда, Иерихонның маңындағы жазықта, қала тұрды. Сол айдың он төртінші күнінің кешінде олар (халықтың Мысырдан құтқарылғанын еске алатын) Құтқарылу мейрамын қарсылап, арнайы құрбандық шалды. Нехо перғауын Жоғахазды Хамат еліндегі Риблада тұтқындап, шынжырмен бұғаулап, оның Иерусалимде билік жүргізуін тоқтатты. Сонымен қатар перғауын Яһуда еліне жүз ат басындай күміс, бір ат басындай алтын мөлшерінде алым-салық салды. Яһуда патшасы халдейлердің қолынан қашып құтыла алмайды! Ол сөзсіз Бабыл патшасының қолына түсіп, оны өз көзімен көріп, бетпе-бет сөйлесетін болады. Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. — Осылай барлық әйелдеріңіз бен балаларыңыз қаладан айдалып, халдейлердің қолына түседі. Өзіңіз де қашып кете алмай, Бабыл патшасының қолына түсесіз. Ол мына қаланы қиратып, өртеп жібереді! Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма?
Выбор основного перевода