Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иакова
1 2 3 4 5
Параллельные места
«Бұдан қандай қорытынды шығады? (Бойымыздағы күнәлі құмарлықтарды қоздырып, оятқандығына бола) Таурат заңы күнәлі ме?» Жоқ, мүлдем олай емес! Бірақ заң болмаса, күнә жасағанымды білмес едім. Мысалы, Таурат заңы «Басқаның иелігіне сұқтанба!» демесе, сұқтанудың күнә екенін білмес едім. Алайда күнә жағдайды пайдаланып, осы өсиеттің көмегімен менің бойымдағы күнәлі құмарлықтардың әр түрін қоздырды. Заң болмағанда күнә туралы білім болмас та еді. Бір кезде заңды білмей өмір сүрдім. Ал заңның өсиеттерін естіген соң мен күнә туралы түсіне бастап, рухани тұрғыдан өлгенімді, яғни Құдайдан ажырағанымды, білдім. Осылай Құдайдың нағыз өмірге жөн сілтейтін өсиеті маған өлім алып келді.
Иакова
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода