Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иакова
1 2 3 4 5
Параллельные места
Уа, Жаратқан, мінажатымды естіші,Көмек сұраған даусым Саған жетсінші, Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,Қураған шөптей әбден әлсіредім. — Жар сал! — деп бір дауыс бұйырды.— Не туралы жариялайын? — деп сұрады хабаршы.— Күллі пенде атаулы көк шөп секілді! Бар салтанаты мен сенімділігі дала гүлдеріндей өткінші: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды! Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады. Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Осы дүниенің қам-қарекетін жасап жүргендер оған тым беріліп кетпесін! Себебі дүниенің қазіргі қалпы жуырда сап болып, жойылады. Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:Шөп сарғайып қурап, гүл солады,
Иакова
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода