Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Оларға патшаның, оның кеңесшілері мен әміршілерінің және Бабыл аймағында тұрған барлық исраилдіктердің біздің Құдайымыздың киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын: алтын-күмісті және бұйымдарды таразыға тартып өлшеп бердім. Осылайша оларға алты жүз елу ат басындай күміс, әрқайсысының салмағы екі ат басындай бір жүз күміс бұйымдар, бір жүз ат басындай алтын, құны бір мың алтын теңге болатын жиырма алтын тостаған және құны алтынмен бірдей жылтыратылған қоладан жасалған екі бұйымды сеніп тапсырдым. Оларға былай дедім: «Өздерің Жаратқан Иеге бағышталғансыңдар, осы бұйымдар да Оған бағышталған. Мына алтын-күміс — ата-бабаларымыз сиынған Құдай Иеге арналған ерікті тартулар. Өздеріңе сеніп тапсырылғанды мұқият қадағалап сақтаңдар! Кейін оны Иерусалимде, Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі бөлмелерінде діни қызметкерлер, леуіліктер және Исраил әулеттерінің басшыларының алдында таразыға тартып табыстайсыңдар». Осылайша діни қызметкерлер мен леуіліктер Құдайымыздың Иерусалимдегі киелі үйіне апарып жеткізу үшін таразыға тартылып, өлшенген сол алтын-күмісті және сол бұйымдарды өзара бөлісіп алды. Содан біз бірінші айдың он екінші күні Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады. Иерусалимге жеткен соң сонда үш күн тынықтық. Төртінші күні біз әкелген алтын-күміс пен арнайы бұйымдар Құдайымыздың киелі үйінде таразымен өлшеніп, діни қызметкер Ұрия ұлы Меремоттың қолына тапсырылды. Оның қасында Пінехес ұлы Елазар тұрды. Сондай-ақ, Ешуа ұлы Жозабад пен Бинуй ұлы Ноғадиях атты леуіліктер де сол жерде болды. Әкелінген заттардың барлығы таразыға тартылып, жалпы салмағы мен сандары анықталған соң дереу тіркеліп жазылып қойылды. Ал халықтың қалған бөлігінің тарту еткені жиырма мың алтын теңге, екі мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған алпыс жеті көйлек болды. уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі! Аумин. Ал Құдай Өзін сүйгенді жақсы біледі.
Выбор основного перевода