Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады. Алайда оған Құдайға бағышталған киелі және ерекше киелі тамақтардан жеуіне болады. — Һарон мен оның ұлдарына мынаны жеткіз: Менің киелі есімімді қорламаулары үшін олар исраилдіктердің Маған бағыштайтын киелі тартуларына құрметпен қарайтын болсын! Мен Жаратқан Иемін. Діни қызметкердің отбасына жатпайтын кез келген адамға киелі тартулардан жеуге тыйым салынған. Ол діни қызметкердің не қонағы, не жалшысы болсын, бәрібір оның сол тартулардан жеуіне болмайды. Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды». Халық Таурат заңының сөздерін тыңдап тұрғанда еңіреп жылай берді. Ал аймақ әкімі Нехемия, діни қызметкер әрі дін мұғалімі Езра және халыққа тәлім беріп жатқан леуіліктер оларға: «Бұл күн — Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті күн. Бүгін қайғырып жыламаңдар!» — деп ескертті.
Выбор основного перевода