Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жаратқан Иенің алдын ала айтқанындай, Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйіндегі және патша сарайындағы қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті, әрі Сүлеймен патшаның Жаратқан Иенің ғибадатханасына арнап жасатқан алтын жалатқан бұйымдарының барлығынан алтындарын сыдырып әкетті. Олар (киелі үйдегі құрбандық үстелін тазалауға арналған) күлсалғыштар мен күрекшелерді, білте түзеткіштер мен табақтарды және ғибадатханада Жаратқан Иеге құрбандықтар мен сый-тартулар ұсынғанда қолданылған басқа да қола ыдыс-аяқтар мен аспаптардың барлығын алып кетті. Оның үстіне Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйінен бірнеше арнайы бұйымдарды еліне алып кетті. Оларды өзінің ғибадатханасында сақтап қойды. Бұған қоса Набуходоносор кезінде Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен алып, Бабылдағы ғибадатханаға әкеткен алтын-күміс бұйымдарды Кир патша енді сол ғибадатханадан шығартып алды. Оларды өзі Яһуда аймағының әкімі етіп тағайындаған Шешбасар есімді адамға табыстады. Сондай-ақ, Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан олжалап, Бабылға әкеткен алтын-күміс бұйымдар Иерусалимге қайтарылып, ғибадатханадағы өз орындарына апарылсын. Сен оларды Құдайдың киелі үйіне сақтап қоясың». Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода