Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» Ал Кир патша өзінің Бабылға билік құрған бірінші жылы Құдайдың осы киелі үйін қайта тұрғызу туралы жарлық шығарды. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Мен сол жерге қарсы айтқанымның барлығын: Еремия пайғамбардың басқа ұлттарға қарсы жариялап, осы шиыршық кітапта жазылған жазаларымның бәрін де жүзеге асырамын. Себебі Жаратқан Ие былай деп уәде береді: — Сендер Бабылда жетпіс жыл болғаннан кейін Мен сендерді қамқорлауға келіп, өздеріңді осы жерге қайтып әкелемін деген ізгі уәдемді орындаймын. Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода