Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Ал Дәуіт басын жауып алып, жалаң аяқ жылаған күйі Зәйтүн тауына жоғары өрлеп бара жатты. Оның қасындағы адамдары да бастарын жауып алып, еңіреп жылап сол жолмен жоғары көтеріле берді. Сонда Жоғаб патшаның үйіне барып, оған былай деді:— Бүгін сіз өзіңіздің өміріңізді де, ұл-қыздарыңыздың, әйел-кәнизактарыңыздың өмірін де аман сақтап қалған жауынгерлеріңізді қара бет қылдыңыз. Бас діни қызметкер Азариях пен өзге діни қызметкерлер патшаға қарағанда оның маңдайында алапес пайда болған еді! Мұны көре сала олар патшаны сыртқа қарай тықсырып шығара бастады. Оның өзі де Жаратқан Иенің жазасына ілігіп қалғанын түсініп, тысқа шығып кетуге асықты. Содан Хаман Естердің жантайып жатқан төсегіне құлай кетті. Дәл сол кезде патша саябақтан қонақасы бөлмесіне қайта кіріп келе жатты. Патша: «Ол тіпті сарайда менің қасымда болып патшайымды зорламақшы ма?!» — деп айқайлап жіберді.Патшаның аузынан осы сөз шыға салысымен-ақ күзетшілер Хаманның бетін бүркеп тастады.
Выбор основного перевода