Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Қыздар екінші харемге әкелініп жиналған кезде, Мардохай патша сарайының қақпасында қызмет ететін болды. Патшаның сарай қақпасындағы қызметкерлерінің барлығы Хаманға жерге дейін иіліп сәлем беретін. Себебі патша солай әмір еткен болатын. Бірақ Мардохай Хаманға иіліп сәлем берген жоқ. Патшаның сарай қақпасындағы қызметкерлері Мардохайға: «Патшаның бұйрығын неге бұзасың?» — деген сұрақ қойды. Олар бұны күн сайын ескерте берсе де, ол тыңдаған жоқ. Қызметкерлер Мардохай өзінің айтқан сөзінен бас тартар ма екен деп оны сынамақ болып, бұл туралы Хаманға хабар жеткізді. Ал Мардохай өзінің яһуди екенін оларға білдірген болатын. Хаман Мардохайдың өзіне иіліп сәлем беруден бас тартқанын естігенде, ашуға булықты. Қулықпен жасырса да өшпендігін,Жиында болар әшкереленетін.
Выбор основного перевода