Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сонда Естер патшайым былай деп жауап берді:— Уа, патшам, егер маған мейіріміңіз түссе, әрі патша ағзам мақұл көрсе, маған өмірім аман қалдырылса екен! Тілегім — осы. Халқымның өмірі де аман сақталса екен! Өтінішім — осы. оған былай деді:— Егер патша ағзам мақұл көріп, маған мейірімі түссе, әрі патша бұл істі дұрыс деп бағалап, маған оң көзімен қараса, онда бір жарлық шығарылса екен. Сол жарлық Агагтың ұрпағы Амадат ұлы Хаманның патшаның аймақтарына яһудилердің көзін құрту мақсатымен жолдаған хаттарының күшін жоятын болса екен. Олар әлі сөйлесіп тұрғанда, патшаның сарай қызметкерлері келіп, Хаманды Естер дайындаған қонақасына асықтырып алып кетті.
Выбор основного перевода