Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
— Онда Сузыдағы барлық яһудилерді жинап, мен үшін ораза ұстаңыздар. Үш күн, үш түн бойы ішіп-жемеңіздер. Мен де қызметші қыздарыммен бірге сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін! Сол хаттарда Пурим мерекесін белгілі бір уақытта өткізу керектігі яһуди (бас уәзір) Мардохай мен патшайым Естердің нұсқаулары бойынша нық бекітілді. Яһуда халқы, сондай-ақ, өздері мен келер ұрпақтары үшін мейрамның алдында ораза ұстап қайғыру жайлы дәстүрді де орындауға шешім қабылдады. Әлде пенденің кішіпейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен ораза әрі Жаратқан Иені риза қылатын күн деп атауға бола ма?! Содан мен Құдай Иеге ерекше бет бұрып сиынып мінажат еттім. Қатты қайғырып ораза ұстадым, азалы киім киіп, басыма күл сеуіп Оның рақым етуін сұрап жалбарындым. Мүмкін, сонда Құдай райынан қайтып, аяушылық танытып, қаһарын басар. Осылай біз пәледен аман қалармыз!»
Выбор основного перевода