Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты. Ешуа қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты да, кешке дейін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында етпетінен жатты. Исраилдің рубасылары да солай істеп, барлығы да бастарына топырақ шашты. Ал Дәуіт қатты қайғырып, үстіндегі көйлегінің өңірін қапсыра ұстап алды да, айыра жыртып жіберді. Қасындағы адамдары да осылай етті. Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:— Көйлектеріңнің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп, Әбенирді жоқтаңдар! — деді. Оның мәйіті қабірге апарылғанда, Дәуіт патшаның өзі соңынан жүрді. Ахаб патша (Жаратқан Иенің пайғамбар арқылы жеткізген) осы сөздерін естігенде, көйлегінің өңірін айыра жыртып, жалаңаш тәніне азалы киім киіп, тамақ татпады. Ол тіпті азалы киімімен ұйықтап, қатты қайғырып жүрді. Содан Хаман Ахасуер патшаға былай деп ұсыныс жасады:— Сіздің патшалығыңыздың күллі аймақтарындағы өзге халықтардың арасына шашырап кеткен, бірақ солармен араласпайтын бір ұлт бар. Бұл ұлттың әдет-ғұрыптары барлық басқалардікінен өзгеше. Олар патшаның заңдарын да орындамайды! Оларды осылай қалдыра беру патша ағзамның мүддесіне қарсы. Егер патша ағзам мақұл көрсе, оларды құрту жайлы жарлық шығарылсын. Сонда мен басқарушы уәзірлердің қолдарына патшаның қазынасына салу үшін он мың ат басындай күмісті өлшеп табыстаймын. Патша саусағындағы мөр басатын жүзігін шешіп алып, оны Амадат ұлы Хаманға берді. Хаман амалектік Агагтың ұрпағы әрі яһудилердің қас жауы болатын. Қала халқы Құдайдың хабарына сенді. Олар (күнәларына өкініп) ораза жариялап, үлкен-кіші барлық адамдар азалы киім киді. Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды. сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды,
Выбор основного перевода