Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты. Леуіліктер де: «Тыныш болып, жыламаңдар! Өйткені бүгінгі күн — қасиетті күн», — деп халықты тыныштандырды. Содан бүкіл халық тарап кетті. Олар ішіп-жеп, мұқтаждарға сый тамақ жіберіп, зор қуанышқа бөленді. Себебі олар өздеріне түсіндірілген сөздерді енді жақсылап ұғып алды. Мейрамның екінші күні бүкіл халықтың әулет басылары діни қызметкерлермен, леуіліктермен бірге Таурат заңында жазылғандарды тереңірек ұғынбақ болып, дін мұғалімі Езраның қасына жиналды. Олар Жаратқан Иенің халыққа Мұса арқылы тапсырған Таурат заңында жетінші айдағы (Күркелер) мейрамы кезінде исраилдіктердің күркелерде тұруы керектігі туралы жазылғанын тапты. Он екінші айдың (яғни адар айының) он үшінші күні патша шығарған жарлық іске асуға тиіс болды. Осы күні яһудилердің жаулары оларға күш көрсетуге үміттенген болатын. Алайда бәрі де керісінше болып, яһудилер жауларына үстемдік құрып, оларды жеңіп шықты.
Выбор основного перевода