Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Содан кейін Самуил: «Маған Амалек патшасы Агагты алып келіңдер!» — деп бұйырды. Агаг Самуилге кібіртіктеп жақындап:— Ажалдың ащылығынан құтылған шығармын, — деді. Ал Самуил оған:— Сен семсеріңмен аналарын балаларынан айырған едің. Ендеше сенің анаң да әйелдердің арасында баласыз қалсын! — деді. Содан Самуил Агагты Ғылғалда Құдайдың (құрбандық орнының) алдында шауып өлтірді. Естер өз ұлты мен ата-тегі жайлы ешкімге тіс жармады. Себебі Мардохай оған солай істеуге тыйым салған еді. оларға өзінің байлығының қандай ауқымды әрі ұлдарының сонша көп екенін айтып бөсті. Хаман, сондай-ақ, өзінің дәрежесін өсірген патшаның бүкіл әрекеттерін де, өзін басқа әміршілер мен қызметкерлерден қалай жоғарылатқанын да атап мақтанды. Естер қайтадан патшаның алдына барып, оның аяғына жығылып еңіреп жылады. Патшадан Агагтың ұрпағы Хаманның яһудилерге қарсы жасаған зұлым жоспарының бетін қайыруын өтінді. оған былай деді:— Егер патша ағзам мақұл көріп, маған мейірімі түссе, әрі патша бұл істі дұрыс деп бағалап, маған оң көзімен қараса, онда бір жарлық шығарылса екен. Сол жарлық Агагтың ұрпағы Амадат ұлы Хаманның патшаның аймақтарына яһудилердің көзін құрту мақсатымен жолдаған хаттарының күшін жоятын болса екен. Барлық яһудилердің қас жауы — Агагтың ұрпағы Амадат ұлы Хаман оларды құртуға жоспар жасаған еді. Оларды жойып, көздерін құрту үшін «пур», яғни жеребе, тастаған болатын. Патша Даниялдың дәрежесін мейлінше жоғарылатып, оған көп сыйлық беріп, бүкіл Бабыл аймағының билеушісі және Бабылдың барлық білімпаздарының үстінен қарайтын басшысы етіп бекітті.
Выбор основного перевода