Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сонда перғауын кісі жіберіп, Жүсіпті тез арада түрмеден босатып алғызды. Жүсіп сақал-мұртын алдырып, киімдерін ауыстырған соң, перғауынның алдына келді. Жүсіпке қарап: «Мұның бәрін саған Құдай білдіріп тұр екен! Өзің сияқты ақылгөй, дана ешкім де жоқ. Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын. Міне, мен сені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындаймын», — деген шешімін айтты. Перғауын қолынан өзінің мөрі бекітілген сақинасын шешіп алып, Жүсіптің саусағына кигізді. Оған ақ бәтестен киімдер кигізіп, мойнына алтын алқа салып, оны өзінің екінші пәуескесіне отырғызды. Жүсіп жақындаған кезде атқосшылары жұртқа: «Жол беріңдер! Иіліңдер!» — деп айқайлайтын болды. Осылайша перғауын Жүсіпті бүкіл Мысыр елін басқаратын бас уәзірі етіп тағайындап,
Выбор основного перевода