Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Мен, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде тағы мынаны да байқадым: Әділдік іске асуға тиіс орында — зұлымдық, әрі әділет орындалуға тиіс жерде сұмдық жүреді екен! Солардың бәрі жердің өнімінен тартып ала береді. Патшаның өзі де өңделген жердің пайдасын көреді. Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Сонда Жаратқан Ие таңдап алған халқының рубасылары мен әміршілеріне айыптарын атап көрсетеді: «Сендер Менің жүзімдігімді ойрандадыңдар! Өз сарайларыңды бейшаралардан тонап алған дүние-мүлікпен толтырдыңдар. Менің халқыма қысымшылық жасап, кедейлерді езіп-жаншығандарың не?!» — деп нық айтады Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие. Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Солтүстік Исраилдің халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Исраилдіктер әділ жанды күміске, кедейді бір жұп аяқкиімге айырбастай салады. Олар кедейдің басын жердің топырағына таптап, бейшараны жолынан итеріп баса көктейді. Әкесі мен баласы екеуі бірдей бір жас әйелге барып, Менің киелі есімімді қор қылады. Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді. Әй, Башан сиырларындай семіз әйелдер! Самарияның тауында тұратын сендер, мына сөзді тыңдаңдар! Сендер кедейлерге зорлық жасап, мұқтаждарды езгіге ұшыратып келесіңдер, әрі күйеулеріңе: «Әкел бері, ішейік!» — дейсіңдер. Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер! Бірақ сендер жақсыны жек көріп, жаманды ұнатасыңдар, Менің халқымның терісін сыпырып, етін сүйектерінен тірідей жұлып аласыңдар!
Выбор основного перевода