Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Һаронның қарындасы Мәриям пайғамбар даңғырасын қолына алғанда басқа әйелдер де даңғыраларын алып, оған еріп дөңгелене би билей жөнелді. Ақ бәтестен тігілген көйлек киіп алған өзі Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп жүрді. Езуіміз жиылмады күлкіден,Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!» Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар, Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»— деп шағымданады. Қуанғандардың қуанышына, қайғыланғандардың қайғысына ортақтасыңдар!
Выбор основного перевода