Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Құдай Иеміздің бүгін өздеріңе тапсырып отырған осы өсиеттеріне ештеңені қоспай, ештеңені алып та тастамай, оларды берік сақтайтын болыңдар! Пенденің осы өткінші дүниеде еткен бүкіл бейнетті еңбегінен көрер пайдасы қандай? Еңбек еткеннің өз бейнетінен көретін не пайдасы бар? Егер бір аймақта кедейлердің езгіге ұшырап, әділдік пен құқықтан айырылып отырғанын көрсең, соған тым қатты таңданба. Өйткені бір әкімді одан да лауазымды басқа біреу қадағалап, солардан жоғары тағы басқалары да болады, (ал әділдік жиі ескерусіз қалады). Бүкіл жер бетінің тұрғындары Оның алдында түк емес сияқты көрінеді. Ол көктегі періштелер топтарына да, жердегі адамдарға да Өзінің еркіне сай әрекет етеді. Оның құдіретті қолын тоқтатып, Оны: «Не істеп отырсың?» деп сынай алатын ешкім де жоқ. көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Выбор основного перевода