Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Солтүстік Исраилдің сондай әсем де сәулетті астанасы қасіретке қалады! Елдің маскүнем басшылары қаланы өте әдемі гүл шірі не тәждей мақтан тұтады. Сол қала құнарлы алқаптың бас жағында орналасқан. Шарапқа салынып кеткен адамдары қаланы дәріптейді. Бірақ оның әсемдігі гүлдей солып қалмақшы. Бірақ елдің қазіргі басшылары шарап, сыра ішіп алғандықтан теңселеді. Пайғамбар мен діни қызметкер сыра ішіп, жолдарынан тайып кетеді. Олар шарапқа салынып, естерінен адасқан. Сондықтан (пайғамбарлар) аян көргенде шайқалады, әрі (діни қызметкерлер) алдарына әкелінген істерді әділ шеше алмайды. Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді.
Выбор основного перевода