Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ мен кете салысымен-ақ Жаратқан Иенің Рухы сізді мен білмейтін бір жаққа алып кетіп жүрер. Сонда мен Ахабқа барып айтқаннан кейін, ол келіп, сізді таба алмай қалса, менің көзімді құртады ғой. Ал мен жастық шағымнан Жаратқан Иені терең қастерлеп келемін. былай деді:— Алдыңыздағы пенделеріңіздің арасында елу шақты қайратты ер адам бар. Олардың барып, қожайыныңызды іздеп келулеріне рұқсат ете көріңіз. Мүмкін, Жаратқан Иенің Рухы оны көтеріп әкетіп, бір тау басына немесе бір аңғарға тастап кеткен шығар! — Ал Еліше:— Жоқ, оларды жібермеңдер! — деп қарсылық білдірді. Бұдан кейін Рух мені көтеріп алды. Сонда мен арт жағымнан: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Өзінің тұрағында мадақталсын!» деген күркіреген зор дауысты естідім. Сонымен Рух мені көтерді де, алып кетті. Мен қайғырып, іштей қатты наразыландым. Бірақ Жаратқан Иенің үстімдегі рухани құдіреті өте күшті болды. Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді.
Выбор основного перевода