Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Петір көрген аяны туралы әлі ойланып тұрғанда, Киелі Рух оған: «Қарашы, сені үш кісі іздеп келді. Киелі Рух маған ойланбастан солармен бірге кетуім керек екенін айтып бұйырды. Мына алты бауырласымыз да ілесіп барып, осылай сол адамның үйіне кірдік. Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!» — деді. Тек әрбір қалада Киелі Рух мені түрме мен азаптардың күтіп тұрғанын білдіреді. Ол қасымызға келіп, Пауылдың белбеуін алып, сонымен өз аяқ-қолдарын байлады да:— Киелі Рух былай дейді: осы белбеудің иесін Иерусалимдегі яһудилер дәл осылай байлап, басқа ұлт адамдарының қолына ұстап береді, — деді.
Выбор основного перевода