Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қауым қызметшісі Філіп Самарияның астанасына келіп, оның тұрғындарына Мәсіх туралы Ізгі хабарды жариялады. Бір күні Жаратқан Иенің періштесі Філіпке: «Жиналып, оңтүстікке қарай Иерусалимнен Газаға баратын елсіз жолға шық!» — деп тапсырды. Степан өлгеннен кейін қуғынға ұшырап, бытырап кеткен сенушілер сол екі арада Финикия өлкесіне, Кипр аралына және Сирияның астанасы Антақияға дейін барған еді. Олар Ізгі хабарды тек яһудилерге ғана уағыздап жүрді. Өйткені Барнаба Киелі Рух пен сенімге молынан кенелген жақсы кісі еді. Осылай Иеміздің қауымына көптеген адамдар қосылды. Ертеңіне Кесарияға бардық. Сол қалада біз Иерусалим қауымының жеті қызметшісінің бірі — Ізгі хабарды уағыздаушы Філіптің үйіне түсіп, сонда қалдық.
Выбор основного перевода