Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер осы жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерлерсіңдер. Мен сендерге Әкемнен бір Қамқоршыны жіберемін: сендерге шындықты білдіретін сол Киелі Рух Әкемнен келіп, Мен туралы куәлік береді. Сендер де куәлік бересіңдер, себебі қызметімнің басынан бастап қасымда болып келесіңдер. Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар. Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәміз! ал шынайы өмірдің Бастауын өлтірттіңдер! Бірақ та Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды, бұған біз куәміз! Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Выбор основного перевода