Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил күнә жасады! Олар Мен өздеріне сақтауға бұйырған Келісімімді бұзды: Маған бағышталған заттардан ұрлап, иемденіп алды да, соларды өз меншіктерінің арасына жасырып қойды! Осының кесірінен исраилдіктер жауларына қарсы тұра алмай, олардан қашуға мәжбүр болды. Өйткені өздері де Менің қарғысыма ұшырады. Егер жойылуға тиістілерді құртпасаңдар, Мен бұдан былай сендермен бірге жүріп жар болмаймын. Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы! Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар! Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар! Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ. Себебі жері немесе үйлері барлар керек болғанда меншіктерін сатып, ақша түсіріп, оны елшілердің алдына әкеліп қойып отырды. Осыдан әркімге керегінше берілді.
Выбор основного перевода