Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. Мынау сендерге арналған тұрақты ереже: жетінші айдың оныншы күні Жаратқан Иеге ерекше бой ұсынып (ораза тұтып) еш жұмыс істемеңдер! Бұл тумысынан исраилдік болғандарға ғана емес, сондай-ақ, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтарға да қатысты. — Жетінші айдың оныншы күні — халықты және кездесу шатырын күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалатын күн. Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер; Оған ерекше бойсұнып ораза ұстаңдар әрі өртеу арқылы тарту ұсыныңдар. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер! Себебі ол күн — күнәнің арамдығынан тазартылу күні. Сонда сендер Құдайларың — Жаратқан Иенің алдында күнәнің арамдығынан тазартыласыңдар. Сол күні Құдайға ерекше бойсұнып ораза ұстамаған әрбір адам халқының арасынан аластатылсын.
Выбор основного перевода