Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тірі кезіңде ешкім саған қарсы тұра алмайтын болады. Мен Мұсамен бірге жүріп, оған қалай жар болған болсам, саған да солай жар боламын: Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын. Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады». Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен саған жар боламын, ұрпақтарыңды шығыстан алып келемін, батыс елдерінен де сені жинаймын. Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. — Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!» әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин) Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады. Сол түні Иеміз Пауылдың жанында пайда болып: «Батыл бол! Маған Иерусалимде куә болғаныңдай, Римде де куә болуға тиістісің», — деп аян берді. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым.
Выбор основного перевода