Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Пауыл олардан:— Сендер сенген кезде Киелі Рухты қабылдадыңдар ма? — деп сұрады. Шәкірттер:— Киелі Рухтың бар екендігі туралы естіген де емеспіз, — деп жауап берді. Ал Пауыл:— Кімнің суға шомылдыру рәсімінен өттіңдер? — деп сұрады. Олар:— Жақияның рәсімінен, — деп жауап қайтарды. Сонда Пауыл былай деп түсіндірме берді:— Жақия адамдарды теріс жолдан қайтарып шомылдыру рәсімінен өткізгенде оларға: «Менен кейін келетін Кісіге сеніңдер!» деп айтты. Сол Кісі Иса болатын. Шәкірттер осыны естігенде Иеміз Исаның атымен шомылдыру рәсімінен өтті. Пауыл үстеріне қолын қойғанда, оларға Киелі Рух қонды; содан бұлар бөтен тілдерде сөйлеп, Құдайдың хабарларын жеткізе бастады. Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін! Мен сенің істеріңді білемін: сен салқын да емессің, ыссы да емессің. Не ыссы, не салқын болсаң ғой, шіркін!
Выбор основного перевода