Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты. Сонда Құдайды кімге теңейсіңдер,Қандай бейнеде елестетесіңдер?! Ұста болса, тәңір мүсінін қалыпқа құйып жасайды. Кейін зергер соны алтынмен қаптап, күмістен шынжыр бауларын дайындайды. Ал кедейлер мұндай қымбат тартуды ұсына алмайды. Сондықтан олар шірімейтін қатты ағашты таңдап алып, жақсы шеберді де іздеп табады. Шебер сол ағаштан жалған тәңірдің бейнесін мүсіндеп, оны бір жерге қозғалмастай етіп орнатады. Сендер мына Пауыл дегеннің Ефесте ғана емес, тіпті бүкіл Азиядағы көптеген кісілерді өз дегеніне көндіріп, адастырып жүргенін естіп-көріп жүрсіңдер. Ол адамдарға: «Қолдан жасалған тәңірлер шынайы құдай емес» дегенді айтып жүр. Өздерің білесіңдер: әлі де Құдайға мойынсұнбаған кездеріңде сендерді біреу жетелегендей, үндемейтін «тәңір» бейнелеріне құлшылық етудің әр түрлі жолдарымен азғырылдыңдар.
Выбор основного перевода