Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені орманның әр аңы Менікі,Әрі малдар да мыңдаған төбедегі, Барлық құсты білемін таулардағы,Хайуандар да Менікі даладағы. «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім. Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Мен сондайларға мәңгі бақи ашуланбаймын, айып та тақпаймын. Әйтпесе адамның жаны алдымда әлсіреп, Өзім өмір лебін үрлеп жаратқан пенде құрып, жоқ болар еді. Мынау Жаратқан Иенің Исраил елі жайлы айтқан ауыр хабары: Аспанды жайып жіберіп, жердің негізін қалаған, адамның денесінде рухын қалыптастырған Жаратқан Ие мынаны айтады:
Выбор основного перевода